Қажылықтың уақытын өткізіп алу

С: Қажылыққа келіп, оныншы зул-хижжаның таңына дейін Арафат тауында тұра алмаса не істейді?

Ж: Бұл адам үшін қажылық өтіп кеткен болады. Ұмраның амалдарын істеп болған соң халал жағдайына түсуі керек.

С: Оларды орындап болған соң не істейді?

Ж: Келер жылы қажылығының қазасын өтеуі керек.

С: Ол үшін жаза бар ма?

Ж: Жоқ, ол адам үшін жаза жоқ.

С: Ұмраны да өткізіп алу жағдайлары бола ма?

Ж: Ұмраны өткізіп алу жағдайлары болмайды. Өйткені ұмраның белгілі бір уақыты жоқ. Жылдың мәкруһ болған санаулы күндерін басқа күндері жасауға болады.

Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: