Имамдар тест тапсырып жатыр

Имамдар жаппай тест тапсырып жатыр. Миллиондар мегаполисінің орталық мешітінде өтіп жатқан шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынды. Дін қызметкерлерінің білімі бұл жолы электронды түрде сыналды. Тестілеу ақида, шариғат үкімдері мен әкімшілік жүйе яғни, заң бойынша өтіп жатыр.

Имам-молдаларға қойылатын талап жыл сайын биіктеуде. Дін қызметкерлері Құран мен шариғаттан бөлек, заң талаптарын жетік меңгеруі тиіс. «Білімділік пен біліктілік арқылы еліміздің бейбітшілігі мен ынтымағына үлес қосып, болашаққа терең із қалдыру – негізгі міндет». Имамдар бас қос жиында  еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз осылай деді.  

Серікбай қажы Ораз – ҚМДБ төрағасы, бас мүфти

Білімсіз имамдарды жұмыстан шеттету емес. Негізгі міндет олардың сауатын арттыру….

Тестке Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарасты мешіттердің 1000-нан астам дін қызметкері қатысып жатыр. Солардың бірі – «Халифа Омар» мешітінің бас имамы Данабек Жұмабеков алғашқылардың сапында сынақ тапсырып шықты.

Данабек Жұмабеков – «Халифа Омар» мешітінің бас имамы

Алғашқылардың бірі болып тапсырдым. Сондай бір керемет сынақ болды. Мұнда жасы үлкен, жолы кішкентай деген жоқ. Барлығы түгел компьютерде сыналады. 3 пәннен болды емтихан. Әрқайсысы 20 баллдан екен…

Емтихан екі күнге созылмақ. Аттестацияның ерекшелігі – компьютерлік бағдарламадағы арнайы әзірленген сұрақтарға шектеулі уақыт ішінде жауап беріліп үлгеруі тиіс. Бұған дейін аттестаттау жұмыстары Алматы және Жамбыл облыстарында өткізілген болатын.

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Бұдан былай бұл сынақ әр 5 жыл сайын өтіп тұратын болды. Шараның мақсаты – дін саласында қызмет етіп жүрген имамадардың діни сауатын арттыру. Әрі осы сынақ арқылы дін қызметкерлері өздерін шыңдайды деген сенім бар. Ал, ұйымдастырушылардың айтуынша,  сыннан жоғары балл алғандардың қызметі жоғарылайды. Ал, тиісінше, білім көрсеткіші төмендер арнайы оқу курстарына жіберілетін болады.

Г. Қалмырзақызы                

Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: