Өкіл имам мешіттердің жұмысын тексерді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев Шымкент қаласындағы бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысуда.

Соның ішінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінде болды. Аталмыш мешіттің бас имамы Әділбай Тойшиев өкіл имамға атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аз уақыт ішінде мешіт толық күрделі жөндеуден өткізілген. Атап айтқанда, мешіттің қабырғалары, есігі, күмбез іші, едені, михрабы мен мінбері және 340 шаршы метр жайнамаз кілемі жаңартылған.

Сонымен қатар  мешіттің жеке велотұрақ, өрт сөндіру жәшігі және қауіпсіздік шараларына сәйкес бейнекамера орнатылған.

Осындай иігілікті іске көмек көрсеткен Бақытжан Шамілұлына өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаев өзінің алғыс хатын табыс етіп, айрықша ризашылығын жеткізді.

Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: