Мешітке келген жас түлектерге рухани қолдау көрсетілді

Бүгін Шымкенттегі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Жолың болсын, жас түлек!» тақырыбында рухани шара өтті. Мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жастар игі жақсылармен емен-жарқын әгімелесіп, жаңа серпін, тың жігер алып қайтты.
Қаладағы орталық мешітте жыл сайын өтіп келе жатқан дәстүрлі шараға биыл мектептерден 250-ден астам жас түлек қатысты. Оларға қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамудин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов бастаған ел ағалары өмірлік тәжірибесінен өсиет айтып, өмірге қажетті құнды кеңестерімен бөлісті.
Биыл Шымкент қаласында 8 мыңнан астам түлек мектеп бітіріп, бірер күннен кейін ҰБТ тапсырады. Оларға ақ батасын берген қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов сәтсіздіктер мен қателіктерге күйреп түспей, кез-келген қиындықты сабырлықпен жеңіуге жолатындығын жеткізді. Білімдінің жолы қашан да жарық болытынын айтып, үнемі ізденісте болуға шақырды.
Ал, Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолынан мысалдар келтірген ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілі, «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Алла үйіне қадам басып, бата алуды құп көрген түлектерге ақ тілегін арнады. Алда келе жатқан ҰБТ науқанын сәтті тапсырып, елге қызмет етер абройлы азамат болып қалыптасатындықтарына сенім білдірді.
Қасиетті Рамазан айында өтіп жатқан іс-шарада мешіт қызметкерлері жас түлектерге керекті кеңестер мен тілектер жазылған арнайы парақша таратты. Қаланың бас мешітінен рухани нәр, ерекше жігер алып тарқасқан түлектер, естен кетпес кездесуді ұйымдаструышыларға алғысын білдірді.

Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: