Нәзір құрбандық дегеніміз не?

Мысалы, ауырып жатқан адам «ауруымнан айықсам, құрбандыққа бір мал шалам» деп ниет еткен болса, ауруына шипа тауып аяғына тұрған жағдайда құрбан шалуы – уәжіп. Себебі, Құранда: «Әй, мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар» (Мәидә сүресі, 1-аят) делінген. Осы жағдайда шалатын құрбандығы аталған, яғни нәзір құрбандық болады.

Нәзір құрбандық ретінде сойылған малдың етінен құрбандықты шалушы кісінің өзі және туыстарының жеуі дұрыс емес. Егер, олар сол құрбандық малдың етінен белгілі бір мөлшерде жеген болса, сол мөлшерде садақа береді.

Алау ӘДІЛБАЕВ, теология ғылымының докторы


Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: