Жамағатқа 3 тонна «Наурыз көже» тегін таратылды

Бүгін әз-Наурыз мерекесіне орай Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті жұмада жамағатқа қайырымдылық негізінде тегін «наурыз көже» таратты.

Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі. Бұл күні араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер – рақымдылық жолын ұстанады. Мешітке келуші жамағатқа мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдасытырылған шараға қалалық «Зекет» қоры, Жастар және Халал бөлімдері мен мешіт имамдары ұйытқы болды.

Қайырымдылық шара барысында  Шымкент қаласына қарасты мешіттерде жұма намазына жиналған жамағатқа 3 тоннаға жуық «наурыз көже» тағамы таратылды.

Атап айтқанда «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешіті 300 литр, «А.Қаттани» мешіті 200 литр, «Нұр Төбе» мешіті 200 литр, «Мастура қажы» мешіті 100, «Жанқожа» мешіті 100 литр т.б.  мешіттерде наурыз көже таратты. Мұнымен қатар, бауырсақ пен тәттілер үлестірілді.

Ұйымдастырылған шараға қолдау білдірген барша азаматтарға Алла разы болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: