ЖАНТ мүшелерінің кезекті басқосуы өтті


 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі жанындағы жергілікті ақпарттық-насихат (ЖАНТ) тобының мүшелерінің кезекті жиналысы өткізілді.

Жиналысқа Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы,  дінтанушы Асылбек Ноғаев, арнайы құзырлы мекеме өкілдері, ЖАНТ мүшелері қатысты.

Басқосу аясында өкіл имам орынбасары әрі жеке кездесу жұмыстарына жауапты Қайрат Ерғазиев пен Шымкент қаласы, Қаратау ауданы орталық «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Желеуовтың  атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары тыңдалды.

Мұнымен қатар, өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы  тарапынан 2019 жылғы жылдық жоспар жан-жақты пысықталып, басым бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде,  түзеу мекемелеріндегі жеке кездесу жұмыстары, мамандардың біліктілігін арттыру, жалпы кездесулер т.б.

Сондай-ақ, топ құрамы біршама жаңа дінтанушы-мамандармен толықты. Топ екі бағыт бойынша жұмыс жасайды, бірінші топ жалпы кездесулер болса, екінші топ ағым жүшелерімен жеке кездесу жұмыстарын жүргізеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: