ЖАНТ мүшесі КБИ қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау ниспекциясы» РММ қызметкерлеріне керағар діни ағымдар ықпалынан сақтану бойынша жиын өтті.

Кездесуге құқық қорғау органының қызметкері және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары, наиб имам, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау ниспекциясы» РММ басшысы Е.Жолдасов төрағалық етіп, жиналыс басында келген қонақтармен таныстырды.

Кездесу барысында ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарының негізгі баптарына түсінктеме берді, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексіндегі терроризм бойынша баптарымен таныстырылды.

Шымкент қаласы бас имамымының орынбасары Ұ.Алиакбарұлы керағар діни ағымдар, олардың түрлері, олардан қауіп және сақтық шаралары аясында сөз қозғады. Қандай-да бір діни әдебиет болмасын ҚМДБ сараптамасынан өткен болғаны абзал. Әрі діни сұрақ-сауалдарды тек қана мешіттердің ресми сайттарынан, мешіттердің ресми әлеуметтік парақшаларынан алғандарыңыз дұрыс деп айтылды. Бұдан бөлек деструктивті діни ағымдардың адасқан тұстары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында Көлік бақылау Инспекциясы басшылығы алғыстарын білдіріп, қызметкерлер тарапынан наиб имамға қойылған сұрақтарына жауаптар алды.


Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: