ЖАНТ мүшесі «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты кездесуге қатысты

Бүгін Шымкент қаласы М.Сапарбаев атындағы институтқа қарасты «Парасат» колледжінде «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің найб имамы әрі ЖАНТ мүшесі Ұлықбек қажы Алиакбарұлы, «Парасат» колледжінің Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Әлиев және 220 студент арнайы қатысты. 

Студенттерге  ЖАНТ мүшесі Ұлықбек қажы Алиакбарұлы жастарға діни терроризм, қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу, діни тұрақтылық  барша  Қазақстандықтардың мұраты,  т.б тақырыптар  негізінде ойларын ортаға салып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 


Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: