Жас шәкірттерге велосипед табысталды (ФОТО)

Шымкент қаласы, Абай ауданы  «Торлан» мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан жас шәкірттер арасында сайыс өткізілді.

Жарысты «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан Назаров пен найб имамы Манас Құрбанбековтердің бастамасымен екі ай бойы жалғасып,  қорытынды сайыс жария  еткен болатын.

 Нәтижесінде  «Ең көп сүре жаттау» және «Сұрақ-жауап» атты екі аталым бойынша бақ сынаған шәкірттер арасында 1-ші орынды Мұхтар Өсербаев, 2-ші орын Әзіретәлі Байзақ, 3-ші орын Аяна Жаулан ие болды.

Жарыс жеңімпаздарына  мешіт тарапынан велосипед пен арнайы алғыс хаттар табыс етілді.

Айта кету керек, осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болып шешілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Редакция жайлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Редакцияның барлық жазбасын көру →

Комментарии: